Тоқаев Түрікменстанда мезгілінен бұрын сайлау өткізуді қолдады
Қазақстан Президенті Түрікменстан Президентінің осы елде мезгілінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов телефон арқылы сұхбаттасып, өзара сауда айналымы көлемінің артқанына ризалық білдіріп, энергетика, тасымал, өнеркәсіп жəне ауыл шаруашылығы саласында əріптестіктің артқанына тоқталып, екі ел арасында сауда, экономика, инвестиция, мəдениет жəне гуманитарлық салада байланысты кеңейтуге ниет білдірді.
Кеше Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді телефон арқылы сұхбаттасып, екі ел арасында экономикалық, ғылыми-техникалық жəне мəдени əріптестікті дамыту үшін ортақ комиссия арқылы байланысуға келісті.