Ақп 26, 2022 01:29 Asia/Almaty
  • Батыс елдері Ресейге қарсы жаңа ауқымды санкция салды

Ресей Украинаға шабуыл жасағаннан кейін Батыс блогы осы мәселеге бұрын уәде еткен санкциялар қалыбында реакция білдірді. Негізі Еуропа елдерінде Ресейге қарсы түбегейлі санкциялар салу жөнінде пікір қайшылығы бар.

Еуроодақ басшылары бейсенбі күні төтенше отырыстың қорытынды мәлімдемесінде Ресейдің Украинаға шабуылын қатаң айыптады. Еуроодақ басшылары Ресейдің Украинаға шабуыл жасағанына жауап ретінде осы елдің қаржы, энергетика және тасымал салаларын қатаң санкциялардың нысанасына алады.

АҚШ та Мәскеудің Украинаға шабуыл жасағанын сылтауратып, Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады. АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Президенті Владимир Путинді «агрессор» деп атап: «Ресейге қарсы жойқын санкциялар пакетін қолдануға келісім бердім»,-деді.

Батыс елдері, әсіресе Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялық майданында маңызды мәселе мынау: еуропалықтар Ресейдің газына тәуелді болғандықтан Ресейге қарсы түбегейлі санкциялар, соның ішінде  SWIFT-ке қатысты шектеу қоя алмайды. Еуроодақтың кейбір елдері, соның ішінде Чех республикасы Ресейді SWIFT жүйесінен шығаруды талап етсе, Германия мен Италия сияқты ірі елдер бұған қарсы. Мұның себебі айқын: Ресей Еуропа газының 40 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Егер Брюссель Мәскеуге қарсы санкция қолданғысы келсе, Ресейдің газ экспортынан түсетін ақшасына қолжетімділікті шектей алады. Бұл жағдайда Ресей Еуропаға газ жіберуді тоқтатады. Ресей газы Еуропада үй жылыту, электр стансаларын отынмен қамтамасыз ету және кәсіпорындар тұтынуы үшін қажет, сондықтан Еуроодақтың маңызды елдері Ресейге қарсы SWIFT санкциясын салғысы келмейді. Өйткені Мәскеудің реакциясына ұшырайтынын біледі. Мұнымен қоса,  Ресейдің орталық банкі мен қаржы желісі әлі де ашық болғандықтан, Мәскеу үкіметі мұнай мен газ экспортынан түсетін ақшаны банк арқылы ала алады. АҚШ тарапынан Ресейдің ірі банктеріне санкция салынуы – практикалық іс емес, көбіне саяси-ақпараттық әрекет. Ресейге қарсы санкциялар – екі қырлы семсер. Оның ауыр зияны АҚШ пен Еуропа елдерінің экономикасы, соның ішінде  энергетика саласына тиеді.

Тегтер