Нау 08, 2022 00:04 Asia/Almaty
  • Араб жəне Батыс елдерінің Йемен мен Украинадағы соғысқа екі түрлі қатынасы сыналды

Йемен Сыртқы істер министрінің орынбасары кейбір араб елдерінің Йемен мен Украинадағы соғысқа екі түрлі қатынасы мен стандарттарын қатаң сынады. Кейбір сарапшылар Батыс елдерінің осы мəселе қатысты екіжүзді қатынасын сынады.

Йемен Сыртқы істер министрінің орынбасары Хұсейн əл-Əзи жексенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында: "Кейбір араб елдерінің Украинадағы соғыстың жетінші күнінде осы ел халқына тілеулестік ретінде украиндар үшін визаны алып тастағанын, ал өздері жеті жыл бойы Йеменге таңған соғысты жалғастырып жатқанын тарих ұмытпайды",-деді.

20 күннен кейін Йемен соғысына сегіз жыл болады. Йеменде соғыс 2015 жылы 26 наурызда басталып, осы күнге дейін 4 млн-нан аса адам босқынға айналып, жүздеген мың адам қаза тапты.

Саудиялық коалицияның соғысы салдарынан йемендіктер 21 ғасырда ең апатты жағдайға ұшырап отыр. Соғыс салдарынан елде құрғақшылық, ашаршылық пен ауру-сырқау кең таралды. Бұған қарамастан саудиялықтар Йеменді қоршауды жалғастырып жатыр.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы 11 күн бұрын басталды. Соғысты мүлде қабылдауға болмайды. Өйткені бейбіт тұрғындар - соғыстың басты құрбандары. Бірақ Украинадағы гуманитарлық дағдарыстың деңгейін Йемендегі гуманитарлық апатпен мүлде салыстыруға келмейді. Бұған қарамастан қолдары йемендіктердің қанына малынған немесе Йемендегі гуманитарлық апатқа үнсіз қалған кейбір араб елдері украиналық босқындарға қатысты адам құқығын қорғау ұстанымын білдіріп отыр.

Йемен мен Украинадағы соғыстар туралы екіжүзді ұстаным білдіру араб елдеріне ғана қатысты емес. Адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын АҚШ пен Еуропа елдері осы екі дағдарысқа қатысты екі түрлі ұстаным білдірді. Бұл елдер Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қатты айыптап, оларға бағынышты ақпарат құралдары украин босқындардың суреттерін таратқанымен  саудиялық коалицияның Йеменге қарсы жеті жылдық соғысына қатысты бірде-бір қарар қабылдамады жəне ақпарат құралдарында йемендік босқындардың суреттері азырақ жарияланды.

Бұл екіжүзді саясат тіпті Батыс орталары мен батыс қайраткерлерінің сынына ұшырады. Сарапшылардың сенімінше, Украина соғысы басқа кезден көбірек Батыс елдерінің екі қырлы стандарттарын əшкереледі. Олар Йемендегі қантөгіске қатысты үнсіз қалып, Украина соғысында нəсілшіл көзқарас білдіріп отыр.

Бұл елдер мен олардың Батыс Азиядағы одақтастары адам құқығына қатысты екі қырлы ұстаным білдіріп отырғаны бірінші рет емес, соңғы да болмайтыны анық.

Тегтер