Пентагон: Ресей күштері Киевке 5 шақырымдай жақындады
https://itolqyn.com/news/world-i59584-Пентагон_Ресей_күштері_Киевке_5_шақырымдай_жақындады
Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, ресейлік күштер Украина астанасы Киевке Гостомель әуежайы маңында бес шақырымдай алға жылжи алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 11, 2022 18:15 Asia/Almaty
  • Пентагон: Ресей күштері Киевке 5 шақырымдай жақындады

Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, ресейлік күштер Украина астанасы Киевке Гостомель әуежайы маңында бес шақырымдай алға жылжи алды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пентагонның аты-жөнін атамаған шенеунігі: «Ресейлік күштер Киевтің сыртындағы екі параллель сызықта алға жылжуын жалғастырды және  Киевтен шығысқа қарай 40 шақырым жерге жетті. Украинаның Чернигов қаласы қазір қоршауда»,- деп хабарлады. Ол: «АҚШ соңғы 24 сағат ішінде, әсіресе Украинаның Мариуполь және Херсон төңірегінде интернет үзілгені туралы хабар алды»,- деді.