Сәу 24, 2016 14:46 Asia/Almaty
  • Жаһангири: Иран АҚШ-тан өзінің мүлкін қайтарып алуға шешім қабылдады

Иранның Вице-Президенті: «Иран үкіметі АҚШ үкіметінен өзінің мүлкін қайтарып алу үшін барлық заңды жолдарды пайдаланады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Вице-Президенті Исқақ Жаһангири сенбі күні түстен кейін жеке және мемлекетттік банктер басшыларының үшінші отырысында АҚШ Жоғары сотының «Иран АҚШ-қа қарсы лаңкестік әрекеттерге қатысты» деген сылтаумен Иранның Орталық банкінің АҚШ-тағы активінен 2 млрд долларды тәркілеу туралы жуырдағы үкіміне тоқталып: «Иран үкіметі өз халқының мүлкін АҚШ-тан заңды жолдармен қайтарып алуға шешім қабылдады»,-деді.

Иранның Вице-Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін Иранның шикі мұнай экспортының көлемі айтарлықтай артқанын айтып: «Өткен наурыз айында мұнай мен газ конденсатын күніне 2 млн 200 мың баррель көлемінде экспорттадық. Бірақ, бұл көлемнің 300 мың баррельден астамын газ конденсаты құрайды. Мұнай мен газ конденсатын экспорттау көлемін арттырып, санкцияларға дейінгі деңгейге жеткізу қажет»,-деді.

Тегтер