Иран елшілігі The Times газетінің Иранға қарсы мақаласына реакция білдірді
(last modified Fri, 15 Apr 2022 11:56:16 GMT )
Сәу 15, 2022 17:56 Asia/Almaty
  • Иран елшілігі The Times газетінің Иранға қарсы мақаласына реакция білдірді

Ұлыбританиядағы Иран елшілігі Лондонда шығатын The Times газетінің Иранға қарсы мақаласына реакция білдіріп: «Мұндай басылым арқылы өркениетті ирандықтардың тарихи болмысына сызат түсіре алмайсыздар»,-деп мәлімдеді.

Ұлыбританиядағы Иран елшілігі Твиттердегі жеке парақшасында The Times газетінде басылып шыққан мақаланы «иранофобия» деп атады. Бұл мақалада Иранның  Киш және Қешм аралдарында Катар-2022 әлем чемпионатына баратын футбол жанкүйерлерінің бір бөлігін орналастыруға әзірлігі келекеленген болатын.

The Times газеті өз мақаласында: «Британдықтар қауіпсіздік тұрғысынан Иран тарапынан айтарлықтай қатерге ұшырап отыр»,-деп уәж айтты.

Мақалада Иранның Ұлыбританияны кіші сайтан әрі үлкен сайтанның (АҚШ) жақтасы деп атағаны айтылып: «Иран Батыс елдері азаматтарын ұрлап, өзінің саяси ойындарында тетік ретінде пайдалануымен танымал»,-деп уәж айтты.  

Ұлыбританиядағы Иран елшілігі: «Иран мен оның Парсы шығанағындағы аралдары барша жұрт, соның ішінде британдықтар мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі футбол жанкүйерлері үшін қауіпсіз. Біздің елімізге келіп, табиғи тартымдылықтардан ләззат алуға шақырамыз»,-деді.