Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы легін дайындады
(last modified Sun, 17 Apr 2022 10:12:07 GMT )
Сәу 17, 2022 16:12 Asia/Almaty
  • Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы легін дайындады

Еуропа комиссиясының басшысы Батыс елдерінің Ресейге қарсы жоспарлаған санкцияларының алтыншы легінің басты баптары жайлы сөз қозғады.

Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйен жексенбі күні Германияның  Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында Ресейге қарсы жоспарланған санкциялардың алтыншы легінің басты баптарына тоқталып: "Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары осы елдің банктері, əсіресе Сбербанк пен мұнай өнеркəсібін нысанаға алады",-деді.

Сбербанк Ресейдегі банк секторының 37 пайызын құрайды.

Еуроодақ осы күнге дейін Ресейдің ең ірі банкін бұрын осы елге қарсы салынған санкциялардан аман алып қалған болатын.

"Газпром" жеке банкі Еуропаның мұнай мен газ саласындағы төлемдерін жасайтын басты желілердің бірі саналады. Еуроодаққа мүше елдер Украинадағы қақтығыстарға қарамастан осы банк арқылы мұнай мен газ сатып алып жүр.

Тегтер