Үндістан үкіметінің мұсылмандарға нашар қатынасына наразылық білдірілді
Үндістан астанасы Жаңа Делидің тұрғындары осы ел үкіметінің мұсылмандарға нашар қатынас көрсететініне наразылық білдірілді.
Олар ауқымды шеру өткізіп, Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди үкіметін конституцияны бұзып, үкіметті үндістердің артықшылығын қолдайтын үкіметке айналдырып жатыр деп айыптады.
Үндістанның үндісшіл премьер-министрі Нарендра Моди үкіметіне наразылық қауіпсіздік күштерінің исламдық үгіт-насихат орталығын санитарлық ережелерді сақтамағаны үшін жауып, осы елдің мұсылмандарын коронавирус таратты деп айыптағанынан кейін қайта басталды.
"Бхаратия Джаната" партиясы үндісшіл ұранмен бұрынғыдай өзінің саясаты мен бағдарламаларын орындап жатыр. Оның ең маңызды мақсаты – үндісшіл топтар, соның ішінде Шиусна мен RSS топтарының ризағылын алу. Бұл топтар үкіметтің қолдауымен тіпті Үндістаннан шығару үшін азшылық топтарға қысымды арттыру жобасын көтерді. Ал бұл жағдайда Үндістан үкіметіне қарсы партиялар Моди мен оның партиясын әлеуметтік мәселелер, соның ішінде халықтың, әсіресе студенттердің киім кию үлгісін бірдей қылу мәселесін көтеру арқылы Үндістан қоғамын екі полюске бөлуді көздеп отыр деп айыптады.
Моди үкіметінің экономикалық сәтсіздіктері мен тұрмыстық қиындықтардың жалғасып жатқанына қарсы ішкі наразылықтардың артқанын ескеріп, BGP мұсылмандарға қысым құралын пайдаланып, өзін сайлауалды ұрандарына берік деп көрсетумен қатар, Моди үкіметі бетпе-бет келіп отырған түйткілдер мен көптеген сәтсіздіктерді жасырып қалуға талпынып жатыр. Осындай жағдайда әсіре үндістер Моди үкіметінің жұмысын сынаудың орнына индуизм идеологиясын BGP-дің ажырағысыз бөлігі ретінде қабылдап отыр. Мына жайт маңызды: үндісшіл партиялар, әсіресе BGP партиясының саяси басшылары осы жағдайды пайдаланып, өздерінің саяси-әлеуметтік жағдайын сақтап қалуды көздеп отыр.
Қалай болғанда да, Үндістан мұсылмандары осы елде конституцияға және барлық мазһабтар мен нәсілдердің бірлігі принципіне құрметпен қарап, тәуелсіз партия да құрмады. Олардың сенімінше, Үндістан қоғамында барлық адамдардың конституциялық құқығын сақтай отырып, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруге болады. Бірақ үндісшіл партиялар соңғы жылдарда іріткі салу саясатын ұстанып отыр. Мұның қатерлі салдары болуы мүмкін. Үндістан үкіметіне қарсы партиялар, соның ішінде Конгресс партиясы осы мәселеге айрықша назар аударуы тиіс.