Путин қарымта санкцияларға қол қойды
(last modified Wed, 04 May 2022 18:20:56 GMT )
Maм 05, 2022 00:20 Asia/Almaty
  • Путин қарымта санкцияларға қол қойды

Кремль сейсенбі күні: «Ресей Президенті Владимир Путин кейбір шет елдер мен халықаралық ұйымдардың достыққа жат әрекеттері туралы бұйрыққа қол қойды»,-деп мәлімдеді.

Бұл бұйрық «дос емес» деп аталған елдерге қарсы қарымта әрекеттерді қамтиды. Бұйрық бойынша, Ресей осы елдер мен кейбір халықаралық ұйымдарға қарсы санкция салады.

Путин Ресей үкіметіне 10 күннің ішінде осы елдің қарымта санкцияларына іліккен құқықтық тұлғалардың тізімін жасауға бұйрық берді. Бұйрық бойынша, Ресей санкцияға іліккен адамдар мен компанияларға шикізат пен дайын өнімдер сатуға тыйым салды.

Ресей мен Батыс блогының санкциялық соғысы жаңа кезеңге аяқ басқан сыңайлы. Мәскеу осы салада қолында бар құралдарды барынша қолдануды көздеп отыр. Ресей – екі стратегиялық тауар, яғни мұнай мен газ өндіріп, экспорттайтын  елдердің бірі. Ол Еуропаның осы екі стратегиялық өнімге тәуелділігін АҚШ-қа жақтасқан еуропалық елдерге қарсы барынша пайдалана алады. Еуропалықтар осыны білетіндіктен енді осы салада бастаманы өз қолына алып, қазіргі кезеңде Ресей мұнайына санкция салуды көздеп отыр.  Бұл шара Ресейді мұнайдан түсетін табыстан мақрұм қалдыру үшін жасалады. Ресей Украинада соғыс басталғаннан кейінгі екі айда шамамен 60 млрд долларға мұнай сатты деп айтылады. Әрине әлемдік нарыққа мұнай шығаратын елдердің көптігін ескерсек, бұл елдер үшін белгілі бір деңгейде Ресей мұнайын алмастыру мүмкіндігі қалыптасқан.  Бұған қарамастан, мұндай шара, яғни Ресей мұнайына санкция салу әлемде мұнайдың артуына себеп болады.

Бірақ Еуроодақ елдерінің Ресей газына тәуелділігін ескерсек, Ресейден газ импорттау мүлде бөлек әңгіме болады. Сондай-ақ Ресей – химиялық тыңайтқыш, бидай, жүгері, арпа мен майлы дақылдарды экспорттайтын ең ірі ел.

Путиннің Еуропа мен Америка, яғни Батыс блогындағы «дос емес» елдерге қарсы санкциялар туралы соңғы бұйрығы әлемдік сауда мен экономикаға теріс әсер етіп, санкцияға түскен өнімдерге қатысты тауарлар тапшылығын тудырып қана қоймай, әлемдік нарықта олардың бағасының артуына себеп болады.