АҚШ бұрынғы кеңестік республикаларда арандатушылық әрекеттерін жалғастыруда
(last modified Sat, 07 May 2022 08:34:26 GMT )
Maм 07, 2022 14:34 Asia/Almaty
  • АҚШ  бұрынғы кеңестік республикаларда  арандатушылық әрекеттерін жалғастыруда

Бұрынғы кеңестік республикалардағы арандатушылық әрекеттерін жалғастырып, АҚШ Тәжікстанның қорғанысын нығайтуға миллиондаған доллар жұмсады.

Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың Ресейге қарсы арандатушылық әрекеттері ақыры Украинадағы соғысқа әкелді. Қазірдің өзінде батыстықтар осы соғысты пайдаланып, Ресейге қарсы науқанын күшейтті. Бірақ бұл оқиғаны соңы емес.

Душанбедегі АҚШ елшілігінің дерекқоры: «5 мамырда АҚШ елшілігі арқылы Тәжікстан Қорғаныс министрлігіне құны 2,3 миллион доллар тұратын сегіз жүк көлігін тапсырды. Бұл жүк көліктері  таулы аймақтардағы тасымалдау жылдамдығының артуы мен жеңілдігі және Тәжікстан шекарасының нығаюына себеп болады»,- деп хабарлады.

Иран мен Қытай, сондай-ақ көптеген саяси сарапшылар Украина соғысының басты себебі ретінде Батыстың Ресейдегі ықпалын, оның ішінде НАТО-ның тыс шығысқа Ресей шекарасына қарай кеңеюін  атады.