Ресей Украинаның Еуроодаққа мүше болуы туралы ұстанымын өзгертті
(last modified Fri, 13 May 2022 10:06:59 GMT )
Maм 13, 2022 16:06 Asia/Almaty
  • Ресей Украинаның Еуроодаққа мүше болуы туралы ұстанымын өзгертті

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский бейсенбі күні: «Мәскеу Украинаның Еуроодаққа мүше болу перспективасы туралы ұстанымын өзгертті»,-деді.

Ол: «Украинаның Еуроодаққа мүше болуы бұдан былай Украинамен кез келген бейбіт келісімнің бір бөлігі ретінде қарастырыла алмайды»,-деді.

Ресей осы күнге дейін Украинаның болашақта Еуроодаққа қосылуына алаңдамаған еді. Бұған қарамастан, Украинада соғыс басталғаннан кейін Еуроодақ Ресейге қарсы жауластық қатынас көрсеткен соң Мәскеу өз ұстанымын өзгертті. Полянский: «Біз осы күнге дейін Еуроодақ туралы аса алаңдамаған едік. Бірақ Жозеп Боррель «Біз бұл соғыста жеңіске жетуіміз керек» дегеннен кейін және Еуроодақ Украинаға қару-жарақ жеткізуді басқаратындықтан жағдай өзгерді»,-деді.  

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары: «Біздің Еуроодақ туралы ұстанымымыз енді НАТО-ға қатысты ұстанымымыздай болады деп ойлаймын. Өйткені олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ»,-деді.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель 2022 жылы наурыз айының басында Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың соғыс алаңында аяқталатынын айтып, екі ел арасындағы қайшылықты әскери жолмен шешуді сұраған болатын. Жозеп Боррель Твиттердегі жеке парақшасында: «Қазіргі соғыс тек күрес алаңында аяқталады»,-деп жазды. Жозеп Боррель сондай-ақ Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларын арттыруды, әсіресе санкциялардың энергетика саласына салуын талап етті.

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының Украинадағы ауқымды әскери қатынастарға қатысты жауластық қатынасы Брюссельдің аймақтық және халықаралық қайшылықтарға қатысты сырттай бейбіт ұстанымына қайшы келіп отыр.

Еуроодақтың бұл ұстанымы Джо Байденнің билігі кезінде АҚШ пен Еуропаның жақындай түскенін көрсетеді.

Батыстықтардың көзқарасы бойынша, Украина соғысы  АҚШ пен оның серіктестеріне Киев үкіметіне қару-жарақ, ақпарат және әскери көмек беру арқылы Ресеймен гибридтік соғыс жүргізуге жақсы мұрсат берді. АҚШ Ресей үкіметін құлатып, тіпті елді бөлшектеуді көздеп жүргеніне біраз болды. Вашингтон мен Брюссельдің Ресей ядролық зымырандарының Еуропаның батыс шекараларына жақын жерге қайта орналасуына және Путиннің Батыс саясаты мен шараларына қарсы әрекеттеріне алаңдауы қазіргі жағдайды Ресейдің күш-қуатын азайту үшін пайдалануына себеп болды. Осы орайда АҚШ пен оның еуропалық серіктестері бұрынғыдай Украинаның НАТО-ға қосылу қажеттігін баса айтып, мұнымен бір мезгілде Еуропаның солтүстігіндегі екі ел, яғни Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдады. Осылайша олардың ойынша Еуропа құрлығында Ресейді қоршау аяқталады. 

Тегтер