АҚШ-та атыс болды
https://itolqyn.com/news/world-i61034
АҚШ-тағы атыс салдарынан он адам қаза тапты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 15, 2022 12:56 Asia/Almaty

АҚШ-тағы атыс салдарынан он адам қаза тапты.

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласының бір сауда орталығында бір қарулы адам кемінде 10 адамды атып өлтірді. Жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, қарулы адам қамауға алынды.

Бұл сауда үйі Буффало қаласының солтүстігінен 5 шақырым жерде көбіне қара нәсілділер тұратын ауданда орналасқан.

Кейбір ақпараттар бойынша, бұл адам өзінің атысын әлеуметтік желілердің бірінен тікелей эфирде көрсеткен.