Маусым 10, 2022 19:02 Asia/Almaty
  • Ресей Батыспен тікелей әскери қақтығыстар болу қатері жайлы ескертті

Ресей Батысқа осы елдің инфрақұрылымдарына қарсы кибер шабуылдардың тікелей әскери қақтығыстарға алып келетінін ескертті.

Ресей СІМ өз мәлімдемесінде: «Ресейдің мемлекеттік органдары мен өміршең инфрақұрылымдарына кибер шабуылдар жасалды. АҚШ пен Украинадағы хакерлік топтар осы шабуылдарға жауапты»,-деді.

Осы мәлімдемеде: «Ресей басқыншылық әрекеттерді жауапсыз қалдырмайды. Мәскеу сондай-ақ кибер кеңістікте Ресейді түйткілге ұшырату талпыныстарына қарымта әрекет жасалатынын ескертті»,-делінген.

Украинада соғыс басталғаннан кейін АҚШ бастаған Батыс блогының Ресейге қарсы жауластық әрекеттері күшейген соң Ресей Батыспен тікелей әскери қақтығыстар болатыны туралы ескертті. Қазіргі жағдайда батыстықтар Украинаға бұрын-соңды болмаған ауқымды қару-жарақтар мен әскери жабдықтар жіберу арқылы Ресейға қарсы гибрид соғыс жүргізумен қоса, миллиардтаған доллар жұмсап Ресеймен кибер соғысқа кірісті. Бұл соғыс Ресейдің стратегиялық орталықтарына хакерлерді енгізіп, осы орталықтардың серверлерінде ақау тудыру немесе істен шығару, мағлұматтарды ұрлау арқылы жүргізіледі. Бұған дейін Ресей басшылары: «Украинадағы өзгерістерді назарға алсақ, Ресей мен Батыс елдері гибрид соғыс жүргізіп жатыр. Бұл соғыс тікелей соғысқа айналуы мүмкін»,-деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда батыстықтар бастаманы қолға алып, осы жолы Ресейге қарсы кибер салада басқыншылық әрекеттер жасауға кіріскен сыңайлы.

Ақ үйдің бұрынғы ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон: «АҚШ-тың жаңа кибер қауіпсіздік стратегиясы осы мемлекетті нысанаға алған кез келген елдің басқыншылығына жауап беруді талап етеді. АҚШ-қа қарсы кибер әрекет жасайтын кез келген ел біздің қорғаныс және басқыншылық тұрғысынан жауап беретінімізді білсін»,-деді.

Сол себепті Ресей СІМ мәлімдемесінің басқа бір бөлігінде: «Вашингтон кибер технологияны әскери мақсатта қолдану шегін әдейі төмендетті. Батыс елдерінің кибер кеңістікті әскерилендіруі және оны елдер арасында текетірес сахнасына айналдыруға талпынуы салдары белгісіз тікелей әскери қақтығыс болу қатерін айтарлықтай арттырады»,-деп анық айтылған.

Батыстықтардың бұл әрекеті Ресей тарапынан жауапсыз қалмайтыны анық. Мәскеудің Украина мен оны қолдайтын Батыс елдеріне қарсы кибер реакциясын күту керек. Шын мәнінде кибер шабуылдар екі қырлы пышақтай. Басқалар да оны Батыс елдеріне қарсы әсерлі түрде қолдана алады.

Тегтер