Маусым 12, 2022 23:28 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі қарсыласуды АҚШ-ты жеңудің жалғыз жолы деп атады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сенбі күні Венесуэла Президенті Николас Мадуро жəне оның делегациясымен кездесуінде Иран мен Венесуэланың АҚШ-тың ауыр қысымдары мен түрлі соғыстарына қарсы тұрып келе жатқанын айтып: "Екі елдің сəтті тәжірибесі көрсеткендей, осы қысымдармен қарсы күресудің жалғыз жолы - табанды қарсыласу",-деді.

Иран мен Венесуэла үстемшілдікке қарсы саясат ұстанып, АҚШ-тың үстемдігіне қарсы шыққанына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта əрдайым АҚШ-тың біржақты жəне қосалқы санкцияларына ұшырады. Əсіресе 1979 жылы Ислам революциясы жеңіске жетіп, АҚШ-тың тыңшылық ұясы басып алынғаннан кейін АҚШ-тың демократ президенті Джимми Картердің билігі кезінде ИИР-ға санкция салынды. 2000 жылдардан бастап санкциялар Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын сылтауратып жалғасын тапты.

АҚШ-та Дональд Трамп билік жүргізген кезде ол "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, "барынша қысым" саясаты аясында ИИР-ға қарсы бұрын-соңды болмаған ең ауыр санкциялар салды, сөйтіп Теһранды Иранның ядролық жұмыстары, зымырандық қуаты мен аймақтық саясаты саласында Вашингтонның заңсыз əрі қисынсыз талаптарына көндіруді көздеді.

Алайда "барынша қысым" саясаты толық жеңілді. Тіпті америкалық саясаткерлер мен басшылардың өздері мұны мойындады. АҚШ-тың демократ сенаторы Крис Мерфидің мойындауынша, АҚШ-тың Иранға қарсы барынша қысымы Вашингтон үшін еш пайда бермей, нәтижесіз аяқталды. Мерфи Твиттерде: "АҚШ Трамптың Иранға қарсы "барынша қысым" санкцияларынан еш пайда көрмеді",-деп жазды. Америкалық сенатордың мойындауы Иранға қарсы "барынша қысым" саясатының жеңіліс тапқанын білдіреді. 2022 жылы қаңтар айының ортасында АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан "Вашингтон Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты үлкен қателігінің өтемін төлеп жатыр",-деп мойындады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де Салливан сияқты АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуын стратегиялық қателік деп мойындады.

2021 жылы 7 желтоқсанда Блинкен: "2015 жылы АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы өте үлкен қателік болды",-деді. Тіпті АҚШ-тың аға келісімгері Роберт Мелли санкцияларды жоюға арналған келіссөздері барысында да "барынша қысым" саясатының нәтижесіз болғанын мойындады.

АҚШ Венесуэлада Уго Чавес билік басына келген кезде оны құлату үшін қысым жасап, түрлі санкциялар сала бастады. Бұл үдерісті қазіргі президент Николас Мадуро кезінде де ауқымды санкциялар салумен жалғастырды. Бұған қарамастан Венесуэла жақтас елдер, соның ішінде Иранның көмегімен Вашингтонның бүлдіргі əрекеттеріне төтеп беріп, АҚШ-тың Венесуэла оппозиционерлерінің басшысы Хуан Гуайдо сияқты ішкі қарсыластарды қолдап, осы елді аймақтық және халықаралық сахнадан оқшаулау талпыныстарын жеңіліске ұшыратты.Николас Мадуро Венесуэла халқының АҚШ-қа қарсы күресінде Иранның қолдау білдіргеніне алғыс айтып: "Венесуэла өте ауыр жағдайға түсіп, ешбір ел көмектеспей жатқанда сіздер бізге қол ұшын созып, осы жағдайдан шығуға жəрдемдестіңіздер",-деді.

Тегтер