Маусым 13, 2022 19:39 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың шектен тыс талаптарына бас имейді

Иран Сыртқы істер министрі ядролық келіссөздер туралы: "Қарсы тарап шектен тыс талап қойған кезде елдің айбынды тетіктерін пайдаланып, Иран халқының мүддесі мен тыныштығы біз үшін маңызды екенін көрсеттік",-деді.

Хұсейн Амир Абдуллахиан жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік жəне сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының отырысына қатысқаннан кейін: "ИИР қарсы тараптың қисынына негізделген қатынасқа қарсы  өз қисыны аясында өз бастамалары мен идеяларын ұсынып, оларды жүзеге асырды.

Иранға қарсы санкцияларды жоюға жəне АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайтаруға арналған Вена келіссөздері Вашингтонда тиісті саяси ерік-жігердің болмауына байланысты тоқтап қалды.

АҚШ пен Еуропа үштігі  (Ұлыбритания, Франция мен Германия) сионистік режимнің қысымымен жəне АҚХА Бас директоры Рафаэль Гроссидің қолдауымен Иранға қарсы қарар бекітті. Бұл қарарда Иранның АҚХА-мен ізгі ниетпен ауқымды əріптестік жасағанына көңіл аударылмаған. Сол себепті Иран Атом қуаты ұйымы да агенттіктің бақылау камералары мен өлшеу құралдарын өшіргенін хабарлады.

Иран АҚШ пен үш еуропалық елдің бұл əрекетін дипломатиялық қатынасқа қайшы əрі конструктивті емес деп атап: "АҚХА-дағыкез келген саяси əрекет ИИР-ның шұғыл, тиісті əрі əсерлі реакциясына ұшырайды",-деп ескерту жасады.

АҚХА-да осы қарар бекітілгеннен кейін АҚШ үкіметі ядролық келісімге қайта оралуды көздейтінін айтқанымен Иранға қарсы осы əрекет Батыс тараптарының агенттіктің саяси қарарын Иранға қысым құралы ретінде қолданып, Вена келіссөздеріндегі қазіргі тығырықты өтеуге пайдаланып жатқанын көрсетті.

Басқа сөзбен айтқанда, осы кезеңде Иранға қысым жасау үшін ешбір құралы қалмаған АҚШ агенттік пен техникалық мəселелерді теріс пайдалану арқылы өзінің саудаласу қабілетін арттыруға, Иранды өзінің заңды талаптарынан кері шегінуге мəжбүрлеуге тырысып жатыр.

Санкциялардың жалғасуы, АҚХА-да қарар қабылдануы, екіқырлы дипломатиялық саясат ұстану жəне АҚШ-тың Иранға қарсы барынша қысымы Вашингтон тарапынан сенім тудырмайтыны былай тұрсын, АҚШ-тың келіссөздерде тағы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан тыс талаптар қойып отырғанын көрсетеді.

Иранның Сыртқы істер министрі айтқандай, Иран ешқашан қарсы тараптың шектен тыс талаптарына бас имейді.

Тегтер