Раиси: Иран мен Түрікменстанның қарым-қатынастары қарқынды дамып келеді
(last modified Wed, 29 Jun 2022 14:57:20 GMT )
Маусым 29, 2022 20:57 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран мен Түрікменстанның қарым-қатынастары қарқынды дамып келеді

ИИР Президенті Түрікменстан Ұлттық Мәжілісінің Халықтық кеңесінің төрағасымен кездесуінде: «Иран мен Түрікменстанның қарым-қатынасы кең ауқымды ынтымақтастық пен өзара сенім негізінде қарқынды түрде кеңейіп келеді»,- деп баса айтты.

 

6-шы Каспий жағалауы саммитіне қатысу үшін Түркіменстанға барған Иран Президенті Ибрахим Раиси бүгін,  сәрсенбіде  күн тәртібінің бірінші бөлігінде Түрікменстан Халықтық кеңесінің спикері Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына тоқталып: «Соңғы жылдары Теһран мен Ашхабадтың қарым-қатынасы үнемі кеңейіп келеді.

Бердімұхамедов сондай-ақ Иран үкіметінің соңғы бірнеше айдағы бұл елмен қарым-қатынастарын нығайту және кеңейту жолындағы талпыныстарын жоғары бағалап: «Екі елдің саяси, экономикалық, сауда және мәдени салаларда көптеген ортақ тұстары мен мүмкіндіктері бар, олар қарым-қатынас деңгейін барынша арттыруға және жақсартуға қолайлы негіз берді»,- деді.