Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанның «Алтын қыран» орденімен марапатталды
(last modified Wed, 29 Jun 2022 16:26:09 GMT )
Маусым 29, 2022 22:26 Asia/Almaty
  • Гурбангулы Бердімұхамедов  Қазақстанның «Алтын қыран» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Ұлттық кеңесі Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуінде оған өз елінің ең жоғары наградасын («Алтын қыран» орденің) табыс етті.

 

«Алтын қыран» сыйлығы ерекше мемлекеттік қызметтері үшін беріледі, ал марапатқа үміткерлерді Қазақстан Президенті айқындайды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Каспий жағалауы елдерінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабадқа келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   Гурбангулы Бердімұхамедовке «Алтын қыран» орденін табыс етті. Кездесу барысында Тоқаев Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап,  оның басшылығымен Түркіменстан айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде Қазақстан-Түркіменстан қарым-қатынасы бүгінде бауырластық және стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткенін қуаттады.

 

Тегтер