ДАИШ Сауд Арабиясы мен Орталық барлау ұйымының рұқсатымен құрылды
АҚШ-ның ақпарат құралдарында «ДАИШ - саудиялықтар мен Орталық барлау ұйымының өнімі» деген мәлімдеме қайтадан басылып шықты.
Саудиялықтардың мойындауынша, ұлыбританиялық Financial Times газеті АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керри туралы мақаласында: «Саудиялықтар Керриге ДАИШ-ты олардың тәрбиелегені және ол істен Орталық барлау ұйымының хабардар болғанын айтты»,- деп жазды. Financial Times газетінің бұл әрекетінен кейін әртүрлі америкалық ақпарат құралдары бұл мәліметке сілтеме жасап, қайтадан жариялады.
Саудиялықтар Джон Керримен сұхбатта АҚШ-тың Таяу Шығыстағы араласушылықтарына байланысты Рияд біріншіден, әл-Қаиданы, содан соң ДАИШ-ты құрды деп қуаттады. Саудиялықтардың уәждері бойынша, 2003-ші жылы АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасауы теңгерімді Иранның пайдасына өзгертті, сондықтан бұл мәселеге қатысты шара қолдану керек.
Кезінде АҚШ Конгресінің өкілі болған америкалық жазушы әрі саясаткер Рональд Эрнст Пол «Ронпол» ұйымының атқарушы директоры Даниил Мак Адамске берген сұхбатында: «Саудиялықтардың ДАИШ-ты құруы туралы уәждері естен тандыратын хабар емес. Сауд Арабиясы АҚШ-ның Орталық барлау ұйымының қолдауынсыз ДАИШ-ты құра алмайтын еді. Орталық барлау ұйымы мен Пентагон Сирияда дағдарыс бастала салысымен Сирия Президенті Башар Асадты билік басынан алып тастауды көздеді. Бұл үшін лаңкестерді қажет етті. «Ронпол» ұйымының атқарушы директоры Даниил Мак Адамс та: «Саудиялықтар ДАИШ-ты құрып, оларға қаржылай көмектесетін. Бірақ АҚШ ДАИШ пен әл-Қиданың әлемдік сахнаға шығуына жағдай жасады.
Сауд Арабиясы вахабизмді таратып, экстремистік топтарды құруда тікелей рөл атқарды. Экстремистер әртүрлі аттарымен вахабизмнің идеяларын пайдаланып, өздерін жариялауда. Мәселен Сауд Арабиясы талибандар тобын құруда маңызды рөл атқарды. Талибандар Сауд Арабиясының ақшасын пайдаланып, уаһабшылықты үйрете бастады. Олар жаңа экстремистердің жаңа буынын тәрбиеледі. Эрнест Полдың айтуынша, олардың буыны бүгін ДАИШ-тың киімімен шығады.
2003-ші жылы АҚШ Иракты басып алған соң ДАИШ өзінің бұл елде өзін жариялады. ДАИШ-тың қазіргі басшысы Абубакр әл-Бағдади АҚШ-тың арағайындығымен босатылған әл-Қаиданың қамауға түскен қатерлі тұтқыны еді. Ирактағы БААС режимі құлаған соң Ирактың орталық үкіметін құлату үшін біріккен БААС офицерлері мен ДАИШ-тың ынтымақтастығы шынайы дағдарысқа тірелді.
БААС пен ДАИШ мүшелерінің ынтымақтастығы – Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың ортақ саясаттарынынң нәтижесі.
2001-ші жылы орын алған 11-ші қыркүйек оқиғасы туралы есептің 28 бетінің жойылуы Сауд Арабиясының лаңкестікті қолдайтынын көрсетеді. Бірақ Вашингтон Риядпен ынтымақтастық жасауына байланысты Сауд Арабиясының бұл шабуылға қатыстылығын әшкерелегісі келмейді. Айта кететін жайт, аталмыш есептің жарық көрмеген 28 бетінде тікелей немесе жанама түрде АҚШ-тың Орталық барлау ұйымының аты да кездеседі. Бұл әрекеттер 11-ші қыркүйек шабуылдарына Сауд Арабиясының қатысты болуын және Орталық барлау ұйымының Риядтың аймақтағы іс-әрекеті мен лаңкестік топтарды ұйымдастыруын көрсетеді.