Байденнің Сауд Арабиясы сапарының маңыздылығының себептері
(last modified Mon, 11 Jul 2022 16:06:20 GMT )
Шіл 11, 2022 22:06 Asia/Almaty
  • Байденнің Сауд Арабиясы сапарының маңыздылығының себептері

Сауд Арабиясы шілде айында АҚШ Президенті Джо Байденді қабылдайды.

Байден Батыс Азия аймағына сапарын 13 шілдеде бастап, 16 шілдеде Сауд Арабиясында аяқтайды. Соңғы бір жарым жылда Вашингтон мен  Риядтың қарым-қатынасы бұрынғымен салыстырғанда үлкен өзгеріске ұшырады. Дональд Трамп кезінде ішкі және сыртқы саясатында кең әрекет еркіндігіне ие болған Сауд Арабиясы Байденнің президенттігі кезінде оның ашық сынына тап болды. Сынға түскен негізгі тақырыптар - адам құқықтары мәселелері және Сауд Арабиясының   Мұхаммад бен Салманның қолдауымен адам құқықтарының өрескел және кеңінен бұзылуы болды. Алайда, 2022 жылдың басталуымен Байденнің Сауд Арабиясына, тіпті бен Салманға деген көзқарасы бірте-бірте өзгерді және бұрынғы өткір сын қалмады. Байденнің Риядқа көзқарасын өзгертуінің басты себебі – Ресейдің Украинаға қарсы соғысы. Украинадағы соғыс мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне себеп болды. Осы күнге дейін Сауд Арабиясы Батыстың мұнай өндіруді ұлғайту туралы талаптарына қарсылық танытты, бірақ Байденнің екпінінің өзгеруі  Риядтың тіпті АҚШ-қа қатысты өзінің сыртқы саясатында, тағы мұнай құралын пайдалана алғанын көрсетеді. Байден үкіметі оның сапарының басты мақсаты мұнай емес деп көрсетуде.  Ең бастысы, АҚШ президентінің сапары Сауд Арабиясы үшін өте маңызды. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бұл елдің тағына жету үшін Вашингтонның қолдауына мұқтаж. Негізінен Парсы шығанағындағы араб елдерінде билік басына жету және билік басындағылардың орынында қалуы АҚШ үкіметінің қолдауын қажет етеді. Тағы бір маңызды жайт, Байденнің Сауд Арабиясына сапары бұған дейін көптеген сындарға қарамастан Риядтың Батыс Азиядағы оқиғаларда   және ұлы державалардың сыртқы саясатында да маңызды орынға ие екенін көрсетеді. Бұл Джо Байденнің сапарын Сауд Арабиясының пайдалануы. Соңғы мәселе, егер Байденнің Сауд Арабиясына сапары оның мақсаттарын, әсіресе энергетика саласында қамтамасыз етпесе, оның сыртқы саясаты саласында тағы бір маңызды сәтсіздік орын алады.