Шіл 27, 2022 15:42 Asia/Almaty
  • Дипломат қалыбындағы ресми тыңшылардың тағдыры халықаралық құқық тұрғысынан

Дипломатиялық тыңшылық ресми миссия аясында шетел қызметкері тарапынан атқарылады. Осы тұрғыдан Халықаралық құқық комиссиясы қабылдаушы үкіметте тыңшылық жасағанына байланысты "жағымсыз элемент" атанған тұлғаның орнын талдап, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктер арасында өткен жиында осы тақырыпқа тоқталып: "Егер жіберген мемлекет осындай тұлға немесе жағымсыз элементті таныстырса, өзінің дөрекілігін әшкере ететіні анық",-деді.

Сақшылар корпусы британ тыңшысын тұтқындағаны туралы ақпарат таралды. Ол Ұлыбританияның Ирандағы елшісінің орынбасары болып шықты. Яғни дипломатиялық қызметкер саналады. Аталған адам тұтқындалып, айыбын мойындағаннан кейін елімізден (Ираннан) шығарылды. Бүгінгі сараптамада Халықаралық құқық комиссиясының талдауы және АҚШ мен Швейцария сияқты елдердің дипломатиялық миссия қалыбындағы ресми тыңшыларға қатынасын қарастырамыз.

Дипломатиялық миссия аясындағы тыңшылық тарихы

Тарихи тұрғыдан тыңшылық әрдайым халықаралық құқық жүйесінде түрлі салаларда, соның ішінде халықаралық ұйымдардың құрылымында дипломатиялық және консулдық қызметтерде болған. Дәстүр бойынша жалпы тыңшылық ежелден әскери салада көп қолданылды. Бірақ уақыт өте келе білім мен технология дамыған соң  заманауи сипатқа ие болды.  Тіпті ғылым, жаңа технология, экономика мен кибернетика салаларында көрініс тауып жатыр. Кейбіреулердің пайымдауынша, ақпарат тек елшіліктерде жинастырылады, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері арасында таралмаған. Бірақ мұнымен келісуге болмайды. Халықаралық ұйымдардың ғимараттары, мысалы, елшіліктер мен бас консулдықтар мемлекеттер тарапынан әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тыңшылық мақсаты үшін қарқынды түрде қолданылды.

Тыңшы дипломат не істейді?

Дипломаттың тыңшылық әрекеті ресми қызмет пен шетелдік миссия аясында жүзеге асырылады. Шетелдік агенттерді қолдау деңгейі осы сатыда орындалатын ережелерге сәйкес әрқилы болып келеді. Бұл ережелер түрлі елдерде жасырын немесе екіжақты келісім негізінде қабылданған. Ережелер кейбір елдердің мүдделері, соның ішінде шет елдерден құпия ақпараттар жинау және басқа елдердің мүдделері, соның ішінде ішкі қауіпсіздікке тиетін зияндардан қорғануға мәжбүр болудың арасында тепе-теңдік орнатуды көздейді. Мемлекеттер халықаралық хаттамалар негізінде келіссөз әлеуетін пайдаланып, шетелдегі барлау қызметкерінің тыңшылық әрекет жасауынан туындайтын дауларды шешуге жағдай жасайды.

Бұл үдеріске ресми құрылым аясында барлау қызметкерін жіберген мемлекет, қабылдаушы мемлекет, шетелдік офицерлердің тыңшылық әрекеттеріне қамқорлық жасайтын мемлекет және дайындық жұмыстарына қатысушы мемлекет те қатысады. Қатысушы мемлекеттің өкілі тыңшылық әрекеттерге қатысты қауіпсіздік аргументтерін ашық айта алады немесе жанама түрде өзінің толерантты көзқарасын білдіре алады.

АҚШ-тың өз жерінде дипломатиялық тыңшылардың болуына реакциясы

1970 жылы Вашингтон Кубаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігіне өтініш берді. Вашингтон миссия барысында шектен тыс әрекеттер жасады деп айыпталған екі кубалық дипломатқа АҚШ-тан шығып кетуге екі күн уақыт берді. Нью-Йоркте жұмыс істейтін кейбір ұлт өкілдеріне салыған шектеу заңына сәйкес бұл екі адамда АҚШ-та жүріп-тұруға рұқсат жоқ болатын. Бірақ олар өздерінің миссиясы барысында бір шет мемлекет елшілігінде жұмыс істейтін және бір кездері Кубаға сапар шеккен әйелді жалдап, барлау жұмысында пайдаланған.

1986 жылы 7 қазанда АҚШ-тың Сенат палатасы өз территориясында 7 коммунист елдің, соның ішінде Шығыс Германия, Болгария, Куба, Венгрия, Польша, Румыния және Чехословакия дипломаттарының жүріп-тұруына және орын ауыстыруына жаңа шектеулер енгізу туралы заң бекітті. Осы заңға сәйкес, аталған елдердің дипломаттары АҚШ Мемлекеттік департаментімен алдын ала үйлестірусіз өздерінің жұмыс орындарынан тек 40 км қашықтықта шыға алады.

Халықаралық құқық комиссиядағы «тиімсіз элемент»

Халықаралық құқық комиссиясы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру бойынша жұмыс істейді, әсіресе қабылдаушы мемлекеттің ресми қызметкерлерге әсерін бақылайды. Бұл комиссия қабылдаушы мемлекетте тыңшылық жасады деген айыппен "тиімсіз элемент" деп аталған тұлғаның орны тақырыбында зерттеу жүргізіп, ақырында БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдіктер арасында осы тақырыпқа тоқталып: "Егер жіберген мемлекет осындай тұлға немесе тиімсіз элементті таныстырса, өзінің дөрекілігін ашық жариялағандай болатыны анық",-деді.   

Швейцариялық тілші өз елінде тыңшы дипломаттардың барына реакция білдірді

Швейцария жерінде көптеген халықаралық ұйымдар орналасқандықтан 2010 жылы қазанда бір швейцариялық тілші Конфедерация барлау қызметінің (SRC) соңғы есебіне сүйеніп, "Женева тыңшылар астанасы болып қала бере ме?" атты мақала жазды. Бұл барлау қызметі: "Швейцарияда барлау қызметтері халықаралық ұйымдарды магнит сияқты тартады",-деді.  

Тыңшылық жасады деген күдікке ілінген халықаралық қызметкерлердің тағдыры

Халықаралық қызметкер жасаған тыңшылық әрекетке екі түрлі реакция білдіріледі. Өйткені тыңшылық жасаушылардың бір тарапы – әлгі қызметкерді жұмысқа алған халықаралық ұйым. Басқасы – осы халықаралық ұйымды қабылдаған мемлекет.

Халықаралық ұйымдардың өз қызметкерінің тыңшылық әрекет жасауына реакциясы

Халықаралық ұйымның тыңшылық жасаған қызметкерге қатынасы объектіге (халықаралық ұйым, мүше мемлекет, қабылдаушы мемлекет) тигізген зиянына  байланысты. Тіпті әрбір халықаралық ұйымның тыңшылыққа қатысты тергеу жүргізу тәсілінің бір-біріне мүлде ұқсамайтыны байқалды. Бір халықаралық қызметкер тыңшылық жасаған кезде оны жұмысқа алған халықаралық ұйымның атқарушы мүшелері тыңшыны жазалау үшін екі шара қолдана алады: Егер тыңшылық халықаралық ұйымның өзіне зиян келтіру үшін жасалса, тыңшы жұмыстан босатылады; егер тыңшылық қабылаушы мемлекет немесе мүше елдердің біріне зиян тигізуді көздесе, қызметкер иммунитеттен айырылады.  

Қабылдаушы мемлекет халықаралық қызметкердің тыңшылық әрекеттерінен өзін қалай қорғай алады?

Екі түрлі реакция болуы мүмкін. Басып-жаншу мақсатында айыптыны қудалап, сотқа тартады; соттау не соттамаудан кейін оны елден шығарып жібере алады. Бұл екі шараның біріне басымдық берілмейді. Айта кету керек, қызметкер жеке мақсатта әрекет етсе, оның істеген ісі мемлекет үшін маңызын жоғалтады. Қызметкер өз ісіне өзі жауапты болады.

Сондай-ақ егер тыңшылық үшінші елдің мүддесіне орай жасалса, бұл істің қызметкерді жіберген мемлекетке қатысы болмайды. Сондықтан әлгі қызметкер дипломатиялық иммунитеттен айырылады. Сол себепті БҰҰ қызметкерлері бір ел үшін тыңшылық жасады деп айыпталған кезде олардың миссиясына байланысты ешқандай иммунитеттік қолдау болмайды. Мүше мемлекет болып табылатын бұл ел БҰҰ үшін үшінші тарап саналады. Осы тақырыпқа қатысты берік те тұрақты сот үдерісі бар. Қабылдаушы мемлекет тыңшылық әрекеттің құрбаны болса, тыңшылық жасады деп айыпталған халықаралық қызметкерлер қабылдаушы мемлекеттің сотында қылмыстық жазаға тартылады.

Дипломаттардың тыңшылық жасауының алдын алу шаралары

Тыңшылықтың алдын алу үшін иммунитетке ие және шетелде жұмыс істейтін барлау қызметкерлеріне қарсы жазалар қарастырылған. Барлау қызметкерлеріне қарсы жазалар жалпыға бірдей (дипломатиялық қызметкерлер/агенттер), жұмысқа қатысты (консулдық қызметкерлер, халықаралық қызметкерлер) және тіпті көбірек шектеумен (сауда және мәдени өкілдіктердің қызметкерлері, дипломатиялық миссиялар мен консулдықтардың әкімшілік және техникалық қызметкерлері) бола алады және дипломаттарға берілген иммунитет көлеміне қарай қолданылады. Конвенцияда бекітілген (тиімсіз элемент деп жариялау немесе сенім граммотасының күшін жою) бұрынғы және ықтималды өзгерістерді назарға алмасақ,  шетелде бір ресми құрылым аясында тыңшылық жасады деп айыпталған барлау қызметкері көбіне қабылдаушы елден шығарылады. Бұл жағдай иммунитеті жоқ қызметкерлер үшін де орын алуы мүмкін. Олардың істері қылмыстық сотқа қаралмайды, бірден елден қуылады.

Сейіт Махмұт Камалара (Закария) – тәуелсіз тілш

Тегтер