Амир Абдуллахиан: Келісімге келу үшін АҚШ реалистік қатынас көрсетуі тиіс
(last modified Wed, 27 Jul 2022 12:00:33 GMT )
Шіл 27, 2022 18:00 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Келісімге келу үшін АҚШ реалистік қатынас көрсетуі тиіс

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні кешке Кувейт Сыртқы істер министрі шейх Ахмед Насыр әс-Сабахпен телефон арқылы сұхбатында Иран өз міндеттемелеріне берік екенін айтып: «Теһран жақсы, мықты әрі берік келісімге келу үшін америкалықтардан реалист болуды сұрайды»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы телефон арқылы сұхбатта: «Иран келіссөздер қорытынды кезеңге жету үшін америкалық тараптың реалистік қатынас көрсететініне үміттенеді»,-деді.

Кувейт Сыртқы істер министрі Джиддадағы қауіпсіздік және даму отырысында оның Иранға қарсы мақсаттарына қарсы болжамдарды теріске шығарып: «Аймақ басшыларының сөзінде Иранмен әрдайым жақсы қарым-қатынас сақтау керегі баса айтылды»,-деді.