Катар Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы кеңесті
(last modified Sun, 31 Jul 2022 12:45:38 GMT )
Шіл 31, 2022 18:45 Asia/Almaty
  • Катар Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахианмен телефон арқылы кеңесті

Иран мен Катардың Сыртқы істер министрлері сенбі күні кешке телефон арқылы екі елді қызықтыратын тақырыптар төңірегінде сұхбаттасып, пікір алмасты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Мұхаммед бен Абдуррахман Але Сани осы сұхбатта санкцияларды жою туралы келіссөздерге тоқталып, Иран үкіметінің жақсы, мықты әрі тұрақты келісімге келуге ынталы екенін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі екі ел басшыларының Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты және осыған қатысты өзара әріптестік салалары жайлы бұрын сұхбаттасқанына тоқталып, осы мәселені өзінің катарлық әріптесімен тағы да талқылады.

Катар Сыртқы істер министрі екі елдің қарым-қатынасы жайлы кеңестерді маңызды деп атап, өз елінің Иранмен футбол чемпионаты саласында әріптестік жасауға дайын екенін айтты.