Шіл 31, 2022 21:22 Asia/Almaty
  • Батыстың санкцияларына қарамастан Ресейдің нығая түскені мойындалды

Украинада соғыс басталып, осы сылтаумен Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған ауқымды санкциялар салынғанына 5 ай өтсе де, қазіргі деректер Батыстың өз мақсатына жетпегенін, яғни Ресейді әлсірете алмағанын және Еуропа блогы екіге бөлінгенін көрсетеді.

The Guardian газеті Батыстың Ресейге қарсы шаралары кері нәтиже берді деп айтып, Еуропа мен АҚШ санкциялары қазіргі заман тарихындағы ең нашар ойластырылған саясат болды деп бағалап: "Владимир Путин бұрыннан да мықты бола түсті",-деп жазды. Ресейге қарсы санкциялардың жеңіліс тапқанын көрсететін көптеген деректерге қарамастан, Батыс басшыларының ешқайсысының санкциялардың тиімділігіне күмән келтіруге батылы жетпей отыр. Өйткені жеңілісті мойындау немесе тіпті оны елестету қасиетті құндылықтарға құрметсіздік көрсету болып саналады.

Ресейге қарсы саясат, экономика мен дипломатия салаларында майдан ашып, санкция салғаннан кейін оның жеңіліс тапқанын мойындау АҚШ бастаған Батыс гегемониясының жеңіліс тапқанын және Украинаға қаржы және қару-жарақ тұрғысынан орасан зор көмек көрсетілгеніне қарамастан өз мақсаттарына жетуге қауқарсыз болып шыққанын білдіреді. АҚШ пен оның одақтастарының миллиардтаған әскери көмектері, соның ішінде HIMARS зымырандық кешендері мен басқа да әскери құрал-жабдықтарды бергеніне қарамастан бір жағынаН Украина армиясының ауыр шығынға ұшырауы және екінші жағынан Ресей армиясының зор шабуылдаушы қуаты украиналық күштердің қарсыласуына мұрсат бермеді.    

Ал бұл жағдайда Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялар арқылы оның экономикасын тез арада құлдыратып, қару-жарақ жасау өнеркәсібін әлсіретіп, Украинадағы ресейлік күштерді қыспаққа алып, шектейміз, сонда соғыстағы күш теңгерімі Украина армиясына қарай ойысады деп ойлады.

Алайда Ресей үкіметі Владимир Путиннің жолнұсқауына сүйеніп, газды рубльға сататынын жариялап, еуро мен доллар алдында өз ұлттық валютасының құнын жылдам жоғарылатып, Батыстың санкциясына ұшыраған басқа елдердің тәжірибесін пайдаланып, біртіндеп санкцияларды айналып өту жолдарын үйренді. Соның нәтижесінде қазір Ресей экономика тұрғысынан тұрақты позицияға ие. Ол өзінің жақын одақтастарының көмегімен санкциялық шектеулерді жеңе алды.  

Тегтер