Там 01, 2022 23:00 Asia/Almaty
  • Үндістан Чабаһарда қауіпсіздік жақсы қамтамасыз етіліп, айлақ қызметінің арзан екенін айтты

Үндістанның Айлақтар және кеме қатынасы министрі Иранның Чабаһар айлағын Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы елдердің Орта Азия елдеріне жетуіне қолайлы қауіпсіз, арзан әрі жылдам бағыт деп атады.

Үндістанның Айлақтар және кеме қатынасы министрі Бомбей қаласында Чабаһар күніне орай өткен рәсімде бұл айлақты маңызды транзиттік полюске айналдырамыз деп айтып: "Чабаһар – Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы елдердің Иран арқылы Орта Азия елдеріне жетуіне қолайлы қауіпсіз, арзан әрі жылдам бағыт",-деді.

Сарбадана Соновал: "Үндістан өзінің сауда және логистикалық компаниялары қатысуы үшін шәхид Бехешти айлағы мен Чабаһар еркін сауда аймағының ынталандырушы жеңілдіктерін пайдалануға ынталы",-деді.

Тегтер