Там 03, 2022 18:11 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастық ойындарында ирандық әйел үстел теннисі жарысының бас төрешісі болады

Ирандық әйел Ислам ынтымақтастық ойындарында үстел теннисі мен паратеннис жарыстарында бас төреші болып таңдалды.

Ислам ынтымақтастық ойындарын ұйымдастыру комитетінің таңдауымен  Симин Резаи Түркияның Кония қаласында өтетін осы ойындардың бесінші кезеңінде үстел теннисі мен паратеннис жарыстарында бас төреші болады.

Иранның ұлттық командасы әйелдер мен ерлер арасындағы үстел паратеннисі жарысына қатысады.

V Ислам ынтымақтастық ойындары 9 тамызда Кония қаласында басталып, 18 тамызда аяқталады.

Тегтер