Там 11, 2022 18:08 Asia/Almaty
  • Азия чемпионатында ирандық хоккейші алаңдағы ең үздік ойыншы атанды

Иранның ұлттық командасының хоккейшісі Азия чемпионатында Сингапур командасымен ойыны барысында алаңдағы ең үздік ойыншы атанды.

Тайланда жабық ғимараттағы хоккейден өтіп жатқан Азия чемпионатында Иранның ұлттық құрамасы екінші кездесуінде Сингапур командасымен ойнап, 8:0 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, екінші жеңіске қол жеткізді.

Осы кездесу соңында жарыстың техникалық комитеті ирандық хоккейші Мұхаммед Каримиді алаңдағы ең үздік ойыншы деп таңдады.

Иранның ұлттық хоккей құрамасы бейсенбі күні өзінің үшінші кездесуінде Қытай командасымен ойнайды.

Тегтер