Нью-Йоркте жазушы Салман Рушдиге шабуыл жасалды
БАҚ өкілдері Нью-Йоркте «Шайтан аяттары» атты кітаптың авторы Салман Рушдиге шабуыл жасалғанын хабарлады.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Шайтан аяттары» атты кітап жазып, Ислам пайғамбарына тіл тигізген жазушы Салман Рушди бүгін, жұма күні Нью-Йорктың батысында сөз сөйлейін деп тұрған кезде шабуылға ұшырады.
BBC-дің хабарлауынша, Салман Рушди Нью-Йорктың Chautauqua Institution атты мемлекеттік емес оқу орталығында сөз сөйлейін деп тұрған кезде шабуылға ұшырады.
Салман Рушдидің қазіргі жағдайы жайлы ақпарат әлі таралған жоқ.
Үнді тектес діннен безген мұсылман Салман Рушди Ислам пайғамбары мен Құран Кәрімге тіл тигізген «Шайтан аяттары» атты кітап жазды. Кітап 1988 жылы қыркүйек айында басылып шықты.