Иран тарихында алғаш рет әйел зілтемірші алтын медаль алды
(last modified Mon, 15 Aug 2022 11:39:34 GMT )
Там 15, 2022 17:39 Asia/Almaty
  • Иран тарихында алғаш рет әйел зілтемірші алтын медаль алды

Иранның ауыр атлетика тарихында алғаш рет әйел зілтемірші Сепиде Елхам Хұсейни алтын медаль алды.

Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарында ауыр атлетикадан 81 кг салмақта әйелдер арасында өткен сайыста Сепиде Елхам Хұсейни Иран үшін алғашқы алтын медаль алды. Ол екі сілкіп көтеруден де екі қола медаль иеленді.

V Ислам ынтымақтастық ойындары 9 тамызда Түркияның Кония қаласында басталып, 18 тамызға дейін жалғасады.