Амир Абдуллахиан Хамид Нуридің негізгі құқықтарын сақтауды сұрады
(last modified Mon, 22 Aug 2022 12:06:20 GMT )
Там 22, 2022 18:06 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Хамид Нуридің негізгі құқықтарын сақтауды сұрады

Иран Сыртқы істер министрі Теһранда Швеция елшісімен кездесуінде Хамид Нуриді толық ақтап, тез арада босату керегін айтып, оның негізгі құқықтарын сақтауды, соның ішінде медициналық қызметке қолжетімділік және жанұясымен байланысын қамтамасыз етуді сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан сенбі күні Теһранда Маттиас Ленцпен кездесіп, екі ел қарым-қатынасының соңғы жағдайына тоқталып, Хамид Нуриге қатысты соттың заңсыз үкімін қабылдауға келмейді деп атап, оның толық ақтап, тез арада босату керегін баса айтты.

Швеция елшісі бұл мәселені өз үкіметіне тез арада жеткізетінін айтып, өз елінің саясатын ИИР-мен қарым-қатынасты сақтап, жоғарылату мақсатында кеңесулерді жалғастыру деп атады.

Иран азаматы Хамид Нури 2019 жылы 9 қарашада бөле қарындасының жанұялық мәселесін шешу үшін Швецияға кірген бетте осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталып, 32 ай бойы қамауда жатыр.