Қарым-қатынастарды жеңілдету мақсатында Мәскеуде Иранның сауда орталығы құрылды
Сауданы жеңілдету және ирандық және ресейлік қолөнершілер мен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Мәскеуде ИИР-ның алғашқы сауда орталығы құрылды.
Iran Press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран ынтымақтастық палатасының басшысы Бахман Абдулахи сейсенбі күні Мәскеуде Иран сауда орталығының ашылу салтанатында: «Ынтымақтастық палатаның заңды міндеттерінің бірі экономика салаларын нығайтуға көмектесу. Бұл орталықтың Ресейде құрылуы да аталмыш мақсатқа сай келеді»,- деді. Иранның Сауда-саттықты дамыту ұйымының басшысы Алиреза Пейман Пак та Иранның Ресеймен және Еуразия аймағымен экономикалық ынтымақтастығын дамыту шараларына тоқталып, Ресейде Иранның сауда орталығының құрылуы алдағы екі жылда 8 миллиард долларлық айырбас жоспарына жету жолындағы тиімді қадам болып табылатынын мәлімдеді. ИИР-ның Ресейдегі елшісі Казем Джалали де Мәскеуде Иран Ислам Республикасының сауда орталығының ашылу салтанатында Иран өнімдерінің Ресейге экспортын әртараптандыру қажеттігін қуаттады.