Қыр 18, 2022 17:15 Asia/Almaty
  • Кремль Ресейдің Украинада ядролық қару қолдану ықтималы жайлы реакция білдірді

Кремльдің баспасөз өкілі АҚШ Президентінің Ресейдің Украинада ядролық қару қолдану ықтималы жайлы ескерткеніне реакция білдірді.

Дмитрий Песков: "Мәскеу үкіметі елдің ұлттық қауіпсіздік доктринасында жазылған шарттарға сай ядролық қаруды қолданады",-деп мәлімдеді.

Дмитрий Песков АҚШ Президентіне: "Ресей доктринасын оқыңыз. Бәрі сонда жазылған",-деді.

Кремль баспасөз өкілі АҚШ Президентіне осындай жауап берген кезде Ресей Президенті Владимир Путин жұма күні осы елге, соның ішінде ядролық нысандарға лаңкестік шабуылдар жасауға талпыныстар болғанын, бірақ жағдай бақылауға алынғанын айтты.

Тегтер