Иранның Қорғаныс министрі Мәскеуде халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференцияда баяндама жасады
Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі аймақтық және аймақтан тыс кейбір үкіметтердің лаңкестікке қолдау көрсетуін өкінішті деп атады.
Иранның Қорғаныс министрі сардар Хосейн Деһқан Мәскеу 2016 халықаралық қауіпсіздік бесінші конференциясында сөйлеген сөзінде: «Бүгінде терроризм бейберекеттік пен тұрақсыздықты өрістету, дағдарыс тудыру және ішкі, сыртқы түйткілдер қалыптастырумен Сирия, Ирак, Ауғанстан, Ливия, Йемен мен Африканың солтүстігін, тіпті кейбір еуропалық елдерді өздерінің адамзат пен адамгершілікке қарсы қылмыстарының шабыс майданына айналдырып отыр. Осындай өкінішті жағдайда кейбір үкіметтер аймақ және аймақтан тыс деңгейде лаңкестерге жаттықтыру, қаржылай, логистикалық, әскери және саяси тұрғыдан жан- жақты қолдау көрсетуде.
Бүгінде әлемнің барлық аймақтары басында АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясы тұрған аймақтағы кейбір елдердің қолдауына ие болып отырған тәкфирлік- сионистік ағымдардың лаңкестік шараларынан туындаған бейберекеттік, тұрақсыздық және үрей қорқынышқа тап болып отыр.
Лаңкестік топтарды қолдаушы әрі құрушы елдерден құралған көзбояшы коалициялардың лаңкестермен шынайы түрде күресуді қаламайтындығымен қатар, тіпті алдамшы ұрандар айтып, гуманитарлық көмектер көрсетіп, ымыраға келу және созылмалы саяси келіссөздерге шақырудың тасасында тек соққы жеп жеңіліске ұшыраған күштерді қайтадан ұйымдастырып, оларды көбірек жабдықтап, рухтарын көтеріп, жігерлерін күшейтуді көздеп отыр» деді.