Қыр 30, 2022 17:47 Asia/Almaty
  • Кабулда болған лаңкестік жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Ауғанстан астанасы Кабулда болған лаңкестік жарылыста 32 адам қаза тапты.

Ауғанстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұма күні Кабулдың батысындағы Дəшт Пəрчи ауданында орналасқан бір оқу орнында болған жарылыс салдарынан 32 адам қаза тауып, 40 адам жараланды.

Бұл жарылыс оқу орталығында емтихан болып жатқан кезде орын алған.

Ауғанстан полициясының хабарлауынша, бір адам өзін оқушылар арасында жарып жіберген.

Тегтер