Рухани: Иранның Америкадағы мал- мүлкін тәркілеу әшкере ұрлық әрі масқарашылық
Иран президенті америкалық сот мекемесінің Иранның шамамен 2 млрд доллар байлығын тәркілеу негізіндегі шешімін әшкере ұрлық әрі Америка үшін құқықтық масқарашылық және Иран халқына қарсы өшпенділіктің жалғасуы деп атады.
ИИР президенті Хасан Рухани үкімет делегациясының отырысында Иранның Америкадағы шамамен 2 млрд доллар байлығының тәркіленуіне көрсеткен реакциясында: «Үкімет Иран халқының атынан халықтың құқығын қорғау үшін қолдан келгенін аямайды және осы бағытты нәтижеге жеткенше жалғастырады. Әлемнің әр түкпіріндегі сот мекемесі немесе заң шығару билігінің Иран халқының құқығы мен мал- мүлкіне қатысты шешім қабылдауды қалауы заңсыз әрі халықаралық құқық пен орталық банктің әлемдегі құқықтық иммунитетіне қайшы келеді» деді.
ИИР президенті осындай қысымдар мен Американың Заң шығару билігі мен сот аппаратының заңсыз үкімдері мен шешімдерін халықаралық қарақшылық және Америка үшін масқарашылық деп батап: «Заң шығару билігі өкілдерінің бір заңды бекітуі және сот аппаратын осындай тақырыпты орындауға мәжбүрлеуі бұрын-соңды болмаған оқиға» деді.
Американың жоғары соты 20-шы сәуір күні Американың сот мекемелері лаңкестік қылмыстар құрбандарының арызын қарастыру үшін Иранның тәркіленген байлықтарын өтемақы төлеуге пайдалана алады деп растады.