Иран командасы футзалдан Азия чемпионатында финалға жол тартты
https://itolqyn.com/news/world-i64564-Иран_командасы_футзалдан_Азия_чемпионатында_финалға_жол_тартты
Иранның ұлттық футзал командасы Тайланд командасын жеңіп, Азия-2022 чемпионатында финалға шықты. Енді Жапония командасымен бақ сынасатын болады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 07, 2022 21:32 Asia/Almaty
  • Иран командасы футзалдан Азия чемпионатында финалға жол тартты

Иранның ұлттық футзал командасы Тайланд командасын жеңіп, Азия-2022 чемпионатында финалға шықты. Енді Жапония командасымен бақ сынасатын болады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның футзал командасы бейсенбі күні Кувейтте Азия-2022 чемпионатының жартылай финалында Тайланд командасымен ойнады.

Ойынның бірінші бөлімі 1:0 есебімен Иранның пайдасына аяқталды, ал екінші бөлімде ирандықтар тайландтықтарға 4 гол соғып, 5:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты.

Кеше Жапония командасы Өзбекстан командасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жол тартты.