Каспий жағалауындағы елдер арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсті
Қаз 08, 2022 17:13 Asia/Almaty
Иранның Экономика және қаржы министрі: « Энергетика, транзит және сауда секторларының мүмкіндіктері Каспий теңізі елдерінің ынтымақтастығын кеңейту үшін тамаша мүмкіндік болып табылады»,- деді.
Эхсан Хандози Мәскеуде бұл қуаттардың кейбір кедергілерге байланысты дұрыс пайдаланылмағанына назар аудартып: «Соңғы бір жылда Каспий теңізінің жағалауындағы бес ел арасындағы арнайы өзара іс-қимылдың басталуымен бұл елдер арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсті»,- деп мәлімдеді. Иранның Экономика және қаржы министрі: « 2025 жылға қойылған мақсат Каспий теңізінің жағалауындағы елдер арасындағы тауар айналымын 30 пайызға арттырудан әлдеқайда жоғары»,- деп баса айтты.
Тегтер