Иранның ұлттық футзал командасы Азия чемпионатында екінші орын алды
https://itolqyn.com/news/world-i64612-Иранның_ұлттық_футзал_командасы_Азия_чемпионатында_екінші_орын_алды
Кувейтте футзалдан өткен Азия чемпионатының финалында Иранның ұлттық футзал командасы Жапония командасына 3:2 есебімен есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 09, 2022 17:56 Asia/Almaty

Кувейтте футзалдан өткен Азия чемпионатының финалында Иранның ұлттық футзал командасы Жапония командасына 3:2 есебімен есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстан командасы Тайландпен ойнап, 8:2 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Иран футзал командасының ойыншысы әрі Испанияның «Пальма» клубының мүшесі Мослем Оулад Құбад Азия-2022 ұлттар кубогының ең үздік ойыншысы атанды.

Иран футзал командасының капитаны Хұсейн Тайеби де 10 гол соғып, чемпионаттың ең үздік гол соғушысы атанып, «Алтын аяқ киімге» ие болды.