Түркияда шахта жарылысынан қаза тапқандар саны артуда
Қаз 15, 2022 19:28 Asia/Almaty
Түркияның Бартын шахтасында болған жарылыстан құрбан болғандар саны 28-ге жетті.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Түркия денсаулық сақтау министрі Фахруддин Кожа бүгін Бартын облысында көмір шахтасының жарылысынан 11 адамның зардап шеккенін хабарлады. Жарақат алғандардың 6-сы Ыстамбұлда, 5-і Бартында емделуде.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиға орнына Ішкі істер, энергетика және табиғи ресурстар министрлері Сүлейман Сойлу мен Фатих Донмузды жіберді. Сүлейман Сойлу да журналистерге 15 кеншіні құтқару әрекетінің жалғасып жатқанын хабарлады.
Тегтер