Ресей сионистік режимге ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i64852-Ресей_сионистік_режимге_ескерту_жасады
Ресейдің бұрынғы премьер-министр және осы күні Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің орынбасары Дмитрий Медведов дүйсенбі күні сионистік режимге Украинаны қолдау туралы ескертті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 18, 2022 15:34 Asia/Almaty
  •   Ресей  сионистік режимге ескерту жасады

Ресейдің бұрынғы премьер-министр және осы күні Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің орынбасары Дмитрий Медведов дүйсенбі күні сионистік режимге Украинаны қолдау туралы ескертті.

Медведев: «Егер Израиль Украинаға қару жіберіп, бұл елге қолдау көрсететін болса, бұл мәселе Тель-Авивтің Мәскеумен қарым-қатынасына теріс әсер етеді», - деді. Бұл ресейлік шенеуніктің мәлімдемелері сионистік режим қайраткерлерінің бірі «Израильдің НАТО мүшелері сияқты Украинаға қарулы қолдау көрсету уақыты келді» деген сөзінен кейін жасалды.

Украинадағы соғыстын басталғанына  сегіз айдан астам уақыт өтті, ал батыс елдері Украинаға саяси қолдау көрсетіп, қару-жарақ беру арқылы соғысты ұзартуға тырысуда.