Қаз 24, 2022 01:37 Asia/Almaty

Катар-2022 футбол чемпионатының Твиттердегі ресми парақшасында осы ойындарға қатысатын 32 елдің тілінде көрермендерге қошемет видеосы жарияланды.

Футболдан әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қарашада Катарда басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасын табады. Иранның ұлттық футбол командасы «В» тобында Ұлыбритания, АҚШ және Уэльс командаларымен бақ сынасады.   

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дүниежүзілік футбол федерациясы Иран туына жеткен кезде парсы тілінде «Қош келдіңіз!» деп айтқан. 

Өткен бірнеше күнде Ислам республикасына қарсы кейбір ақпарат құралдары Иран командасының футбол чемпионатына қатыстырылмауы ықтималын хабарлаған болатын.  

 

Тегтер