Си Цзиньпин Қытайдағы билеуші партияның төрағасы болып қайта сайланды
(last modified Sun, 23 Oct 2022 22:45:25 GMT )
Қаз 24, 2022 04:45 Asia/Almaty
  • Си Цзиньпин Қытайдағы билеуші партияның төрағасы болып қайта сайланды

Қытай коммунистік партиясының жиырмасыншы ұлттық конгресі сенбі күні осы елдің Президенті Си Цзиньпинді үшінші кезеңге партияның бас хатшысы етіп сайлаумен аяқталды.

Си Цзиньпин Бейжің халқының үлкен залында Конгрестің қорытынды жиналысына шақырылған 2338 өкіл алдында: «Қытай коммунистік партиясының конгресі өз мақсаттары, яғни ой-пікір бірлігі, өз-өзіне сенімді арттыру, бағытты айқындау мен рухты нығайту мақсаттарына қол жеткізді»,-деді.

Си Цзиньпин 2012 жылдан бері үшінші рет 5 жылдық мерзімге Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы болып сайланды. Бұл оның партия мүшелері мен 5 жылда бір рет конгреске жиналатындар арасында айрықша беделге ие екенін көрсетеді.  

Қытайдың ішкі-сыртқы саясатында орта және ұзақ мерзімді ұстанымды белгілеу Қытай коммунистік партиясы конгресінің маңызды жұмыстарының бірі болды. Мұнымен қоса, осы елді басқаратын партияның басшысы ретінде Қытай коммунистік партиясының жаңа бас хатшысын таңдау да осы конгресс атқарған маңызды шара болды.

Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясын басқарған он жылда Бейжіңнің ең маңызды жұмысы экономика саласында болды. Ол елді әлемдік өндірістің моторына айналдырды. Си Цзиньпиннің экспортқа арналған тауарлар шығару және әлемнің түкпір-түкпірінде қытай тауарлары нарығын дамыту керегін баса айтуы қытайлық қаржы-экономикалық институттардың осы стратегиялық бағытта жұмыс істей бастауына себеп болды.

Си Цзиньпиннің кезінде әлемдегі екінші ірі экономика үлкен өзгерістер, соның ішінде  зиянды мемлекеттік кәсіпорындарды азайту, ластауды азайту және «Бір белдеу – бір жол» атты бірнеше миллиардтық инфрақұрылым жобасын орындауды қолға алды. Мұның мақсаты Қытайдың әлеммен саудасын арттыру болып отыр.

Си Цзиньпин ел басқарған кезде Қытай әлем сахнасында өзіне сенімдірек бола түсті. Оңтүстік Қытай теңізінде айбынын көрсетуі, Тайванның тәуелсіздік алуға бағытталған кез келген талпыныстарына кесімді жауап беруі, сондай-ақ осы елдің әлемге ықпалын арттыру үшін Азия мен Африка елдеріне миллиардтаған долларлық инвестиция салу арқылы жұмсақ күш қолдану Си Цзиньпин билік құрған кездегі жетістіктердің қатарына жатады.