Қаз 24, 2022 20:21 Asia/Almaty
  • Иран ұлттық футбол командасының құны 70 млн еуродан асты

ENRACHA испан статистикалық сайты Катар-2022 әлем чемпионатына қатысатын Иран ұлттық футбол командасының құнын бағалады.

Катар-2022 әлем чемпионаты 27 күннен кейін басталады. Иран ұлттық футбол командасының құны ENRACHA испан статистикалық сайтында бағаланды. Ол ойыншыларға қатысты сыни пікірлер негізінде есептелді.

Бұл сайт Иран командасының құнын 70,63 млн еуро деп жариялады.

Иран ұлттық футбол командасының жұлдызы әрі Порту клубының мүшесі Мехди Торами 20 млн еуроға бағаланып, Карлуш Кейроштың ең қымбат шәкірті атанды.  

 

Тегтер