Қаз 27, 2022 22:09 Asia/Almaty
  • Теһран Украина соғысында ирандық ұшқышсыз ұшақтардың қолданылмағанын баса айтты

ИИР Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан сәрсенбі күні Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездесуден кейін Теһранның Украинада Ресей тарапынан ирандық ұшқышсыз ұшақтар қолданылғаны туралы уәждерді тексеруге дайын екенін жариялады.

Амир Абдуллахиан беларусь әріптесімен бірлескен ақпарат отырысында: «Теһран Ресейдің ирандық ұшқышсыз ұшақтарды Украина соғысында қолданғаны туралы уәждерді кесімді түрде теріске шығарады»,-деді.

Иран Ресейге Украина соғысында қолдану үшін қару-жарақ, соның ішінде  ұшқышсыз ұшақтар бермегенін бас айтуы өте маңызды. Өйткені Батыс елдері мен Украина үкіметі Теһранға қысымдарды күшейту үшін осындай жанжал тудырып отыр. Теһран осы салада ирандық және украин мамандардың бірлескен жиналысын өткізіп, конструктивті қадамдар жасауға дайын екенін мәлімдеді. Иран Сыртқы істер министрі бұған қатысты: «Иран мен Украинаның әскерилері мен мамандарының бірлескен отырысын өткізуге дайынбыз. Осы жиналыста Украина тарапы қолдарында бар айғақтарды бізге көрсетсін. Егер Ресей ирандық ұшқышсыз ұшақтарды соғыста қолданғаны анықталса, біз бейжай қарап қалмаймыз»,-деді.

Иран оң әрі сындарлы ұстаным жариялағанына қарамастан, Украина тарапы ирандық тараптың ізгі ниетіне көңіл аудармай, оң қадам жасаудан бас тартып, тек өз уәжін қайталап келеді. Украинаның уәждері Батыс елдері үшін Иранға қарсы жаңа санкциялар салуға қолайлы сылтауға айналды. Украина мен Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың басшылары өткен күндері Ресейдің Украинадағы инфрақұрылымдарға шабуыл жасауға қолданған ұшқышсыз ұшақтары Иранда жасалған деп уәж айтты. ИИР бұл уәждерді бірнеше рет теріске шығарып, оны Батыс елдерінің Ираннан үркіту үшін қолданып отырған психологиялық соғысының бір бөлігі және Иранға қарсы әрекеттер, соның ішінде жаңа санкциялар салуға жағдай жасау деп атады. Теһранның ойынша, мұндай уәждерде еш негіз жоқ. Батыс елдері осы салада қасақана кеңістік тудырып отыр.  

Сондықтан Батыс елдері тек Иранға қарсы әрекет етуге сылтау табуды көздейтіні және осы салада кез келген тақырыпты, адам құқығын бұзудан бастап Ресейге ұшқышсыз ұшақтар жіберуге дейінгі мәселелерді қолданатыны анық.  

Тегтер