Қырғызстан парламентінің төрағасы сайланды
Қырғызстан «Социал-демократия» партиясының өкілі Чинибай Турсунбеков осы ел парламентінің төрағасы болып сайланды.
Қырғызстан парламенттік сайлау комиссиясының төрағасы Мирлан Жээнчороевтің айтуынша, Турсунбеков 120 дауыстан 88 оң дауысқа ие болып, осы ел парламентінің төрағасы болып сайланды.
Қырғызстан парламенті төрағалығына өзге үміткер «Өнүгүү Прогресс» партиясынан Исхақ Масалев заң шығару органы мүшелерінен тек 26 дауысқа ие болды.
Қырғызстан парламенті төрағасының сайлануы осы ел парламентінің бұрынғы төрағасы Асылбек Жээнбековтің отставкаға кетуінен кейін орын алды. Ол ағымдағы айдың бас кезінде парламенттің ашық отырысында үкімет басшысынан кейін отставкаға кетті.
Асылбек Жээнбеков сол отырыста үш шақырылым бойында халық, парламент депутаттары және президенттің сенім артуымен парламент төрағасы болып сайланғанын айтып, енді өз еркімен парламент төрағалығынан кетіп бара жатқаны мәлімдеді.
Қырғызстан парламентінің бұрынғы төрағасы өзінің ағасы парламент депутаты Сооронбай Жээнбеков «Социал-демократия» партиясы тарапынан Қырғызстанның үкімет басшысы лауазымына ұсынылған соң отставкаға кетті..
Қырғызстан парламентінің бұрынғы төрағасының отставкасынан екі күн бұрын осы елдің үкімет басшысы Темир Сариев өз лауазымынан отставкаға кеткен болатын.
Сариев «Елде тұрақтылық орнату ұжымдық пікірді қажет етеді. Мемлекеттік лауазымда белгілі бір кісінің болуы қақтығыс пен текетіреске әкеп соқтырмауы керек» деген болатын.
Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысының осы сөздері осы елдің ақпарат құралдарының оны Балықшы- Корумод жолын салу тендерін асыра пайдаланып, қаржылық масқарашылыққа атсалысты деп айыптауына берген жауабы еді.
Қырғызстан парламенттік сайлау комиссиясы бұған дейін үкіметтің түрлі тендерлерде көптеген заң бұзушылық фактілерін әшкерелеп, Темир Сариевтен өз еркімен лауазымынан кетуді сұраған еді. Содан кейін Қырғызстан парламенті «Социал-демократия» партиясынан Сооронбай Жээнбековті орысшыл және Евразия Экономикалық Одағы қалпында ықпалдастықты күшейтуді жақтаушы ретінде үкімет басшылығына сайлады.
Сооронбайдың үкімет басшысы лауазымына сайлануы оның бауырының Қырғызстан парламенті төрағалығынан отставкаға кетуіне себеп болды.
Кейбір саяси орталықтар Қырғызстан парламентінің бұрынғы төрағасының өз ағасының осы елдің үкімет басшылығына сайлануынан кейін отставкаға кетуін парасатты қадам деп бағалады. Өйткені парламенттің бұрынғы төрағасының отставкасы Қырғызстан қоғамындағы саяси және әлеуметтік өзгерістердің мынадай кезеңінде іске асты, яғни бұл елде 1998 жылдан бері үкіметтік мансаптардың барлығы дерлік ақшамен сатылатын көрінеді. 1988 жылдан қазірге дейін Қырғызстанның 23- ші үкімет басшысының ұсынылуы және ауқымды ауыс- түйістер мен Қырғызстанда парламенттік жүйе орнатылғаннан кейін бірлестіктер мен коалициялардың қалыптасуын осы бағытта бағалауға болады. Шын мәнінде парламенттік жүйенің орнатылуы ешқашан Қырғызстан қайраткерлерінің сыбайлас жемқорлығы мен билік және байлықты асыра пайдалануын азайта алмады.
Сариевтің үкімет басшысы лауазымынан өз еркімен кетуінің бір себебін жаңа басқарушылық жүйесі мен Қырғызстан парламенттік системасының сәтсіздігінен іздестіру керек шығар. Алайда жаңа үкімет басшысының сайлануымен және оның бауырының Қырғызстан заң шығару органының төрағалығынан отставкаға кетуі Қырғызстан қоғамындағы билік пен байлықтан туындап отырған қаржыны асыра пайдалануға тосқауыл қоя алады ма деген сауал тудырады.
Сарапшылардың пікірінше Асылбек Жээнбековтің парламент төрағалығынан кетуі оның отбасын және Қырғызстан үкімет басшысы мансабындағы оның ағасын алдағы ықтималды жалалардан қорғай алуы мүмкін, бірақ Қырғызстан қоғамын таяу болашақта тазартуға кепіл бола алмайды.
Бірақ Қырғызстанның заң шығару аппаратының жаңа төрағасы мен осы елдің үкімет басшысының бір партиядан ұсынылуымен Қырғызстан қоғамының дамудың таза жолына түсуі маңызды болып табылады.