Өзбекстан ирандық ұшқышсыз ұшақтарды осы елде құрастыру туралы қауесетті жоққа шығарды
(last modified Sat, 29 Oct 2022 12:16:16 GMT )
Қаз 29, 2022 18:16 Asia/Almaty
  • Өзбекстан ирандық ұшқышсыз ұшақтарды осы елде құрастыру туралы қауесетті жоққа шығарды

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде ирандық ұшқышсыз ұшақтардың осы елдің аумағында жиналғанын жоққа шығарды.

 

Сионистік кәсіпкер Иранның ұшқышсыз ұшақтарының Өзбекстанда жиналуы туралы сұхбат жариялап, ел билігінің реакциясын тудырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Украиналық журналист және блогер Дмитрий Гордонның израильдік кәсіпкер Леонид Нозлинмен Өзбекстан территориясында ирандық ұшқышсыз ұшақтарды құрастыру туралы бейне сұхбаты жалған»,- деп айтылды. Теһран мен Ташкенттің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығын жоққа шығарған бұл мәлімдеме: «Өзбекстан аумағында Иранның ешбір әскери техникасы жиналмайды», - деп қосты.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Украина басышларынан ел ақпарат құралдарында мұндай негізсіз айыптаулар мен басқа да сенімсіз ақпараттардың жарияланбауы үшін тиісті шаралар қабылдауды сұрады.