Үндістанда көпірдің қирауы салдарынан қаза тапқандар саны артты
https://itolqyn.com/news/world-i65186-Үндістанда_көпірдің_қирауы_салдарынан_қаза_тапқандар_саны_артты
Үндістанның батысындағы Гуджарат штатының Морби қаласында аспалы көпір қирап, соның салдарынан қаза болғандар саны 141 адамға жетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 31, 2022 19:41 Asia/Almaty

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатының Морби қаласында аспалы көпір қирап, соның салдарынан қаза болғандар саны 141 адамға жетті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жүздеген адам көпір астындағы өзенге құлаған.  

Жексенбі күні діни рәсім орындау үшін 500-дей адам көпір үстіне жиналған. 230 метрлік көпірдің қирау себебі тростардың үзілуі деп жарияланды.