Қар 04, 2022 22:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары – Вашингтонның жауластық қатынасының жалғасы

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранға қатысы бар деген сылтаумен бірқатар адамның есімдерін санкциялар тізіміне қосты.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ливан Хизбулласы мен ИИР Сақшылар корпусының Құдс күштері үшін табыс табу мақсатында мұнай саудасымен айналысады деп тапқан бір халықаралық желінің мүшелерін санкциялар тізіміне қосты.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі тарапынан жарияланған санкцияларға 6 тұлға, 17 компания мен 11 кеме іліккен. Санкцияға іліккендер – Иран, Швейцария, Ливан мен Франция азаматтары. 17 компания БАӘ, Швейцария, Маршал аралдары, Сингапур мен Түркияда орналасқан. Санкцияға ұшыраған кемелер Панама, Джибути, Либерия, Кук аралдары туларымен жүзеді.

АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары шын мәнінде мұнай экспортына тосқауыл қою және Теһранның валюталық табысқа жетуіне кедергі жасауды көздеп отыр. Бұл санкциялар АҚШ Президенті Джо Байденнің уәждеріне қайшы келеді. Өйткені ол АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайта оралуға ниеті бар екенін айтқан. Ал бұл келісімге қайта оралу үшін Иранға қарсы біржақты санкциялар жойылуы тиіс. Иран АҚШ-тың біржақты санкцияларының астында өмір сүріп келе жатқанына 40 жылдан асты. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамптың кезінде Иранға қарсы санкция жариялау осы елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, барынша қысым саясатын жариялағанынан кейін бұрын-соңды болмаған көлемге ие болды. Вашингтон Иранды өзінің қисынсыз әрі заңсыз талап-тілектеріне бас идіру мақсатында осы ел халқына қарсы санкцияларды күшейтті. Әрине Байден үкіметінің мойындауынша, бұл саясат сәтсіздікке ұшырады.

Джо Байден де билікке келгелі бері өзінің бұрынғы ұрандарына керісінше барынша қысым саясатын жалғастырып, арагідік түрлі сылтаулармен Иранға қарсы жаңа санкциялар жариялайды.

АҚШ қазір Иранда бүлік шықты деген сылтаумен ресми түрде Вена келіссөздерін шетке ысырып, бүліктерді қолдайтындарын айтты. АҚШ басшылары Иранда бүлік пен тәртіпсіздіктер басталысымен ішкі іске араласатын сөздер айтып қана қоймай, Иранның басшылары мен органдарына қарсы санкциялар салды. Соңғы талпыныста Албаниямен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бейресми отырысын өткізді. Көп жарнамаланғанына қарамастан, бұл отырыс ұйымдастырушылар үшін еш нәтиже бермеді.  

АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне ашық түрде араласудағы мақсаты ғаламтор мен әлеуметтік желілерге қатысты санкцияларды жойып, Теһранға қарсы жаңа санкциялар салу арқылы ИИР жүйесін әлсірету болып отыр.  

Тегтер