Қар 08, 2022 18:43 Asia/Almaty

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үкіметінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон ВВС арнасының парсы бөліміне берген сұхбатында: «Көшелерде наразылық білдірген Иран оппозициясы қаруланып жатыр»,- деді.

 

«Fars news» агенттігінің хабарлауынша, Ислам Республикасына қарсы үнемі соғыс талап ету позицияны ұстанған  Джон Болтон  бұл сұхбатында: «Иран үкіметінің қарсыластары Басидж базаларынан алған қаруларымен және Ирак Күрдістанынан Иранға кіретін қарулармен қарулануда. Қарсыластардың мақсаты - тек наразылық білдіру ғана емес, сонымен бірге Иран үкіметіне қарсы күш қолдану және  «біз енді қарусыз емеспіз және Сақшылар корпусына қарсы тұра аламыз» деген хабарды жеткізу. Мұның бәрі Ислам республикасының жағдайының бұрынғыдан да осал екенін көрсетеді»,- деп уәжденді.

 

Тегтер