Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы Парижде өтетін паралимпиадаға жолдама алды
https://itolqyn.com/news/world-i65428-Иранның_отырып_ойнайтын_волейбол_командасы_Парижде_өтетін_паралимпиадаға_жолдама_алды
Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы әлем чемпионатының финалына шығу арқылы Парижде өтетін паралимпиадаға жолдама алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 10, 2022 17:22 Asia/Almaty

Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы әлем чемпионатының финалына шығу арқылы Парижде өтетін паралимпиадаға жолдама алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның отырып ойнайтын волейбол командасы іріктеу ойындарында Ирак, Қазақстан мен Хорватия командаларын жеңіп, екінші кезеңде Жапония мен АҚШ командаларынан басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Хади Резаидың шәкірттері жартылай финалда Бразилия командасын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шығумен қоса, 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиадаға жолдама алды.