Қар 14, 2022 23:59 Asia/Almaty

Иран СІМ-нің ақпарат өкілі: "АҚХА басқарма кеңесінде Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстарына қарсы қабылданған қарар қауіпсіздік мәселелерін шешуге көмектеспейді",-деді.

Насер Канани дүйсенбі күні Иран делегациясының өткен аптада Венаға барып,  АҚХА басшыларымен кездесуі туралы апталық жиналысында: "Иран қауіпсіздікке қатысты сұрақтар мен бұлыңғыр тұстарды шешу үшін АҚХА-мен сұхбаттасып, конструктивті талпыныстарын жалғастырады",-деді.

Иран СІМ-нің ақпарат өкілі: "АҚХА делегациясы алдағы күндері Иранға келеді",-деді.

Канани Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Иранға қарсы сөздері туралы: "Иранның саясаты көршілес елдермен қарым-қатынасты кеңейтуге негізделген. Әзірбайжан республикасы бұл ұстанымнан бөлек емес. Бірақ ешбір ел бұл саясатты теріс мақсатта пайдаланбауы тиіс. Иранның сабыры мен үнсіздігін әлсіздік деп санамауы керек. Иранның көршілес елдерге қатысты саясаты татулықты сақтауға негізделген. Ақпарат құралдарында ұстаным білдіріп, шағым айту мәселені шешуге көмектеспейді",-деді.

Тегтер